Қазақстанда 4 мың шақырым жол ақылы болады

1 362

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comОсы жылы республика бойынша тағы 4 мың шақырым жол ақылы болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Министр бюджетке түсетін жүктемені азайту және өзін-өзі ақтау мақсатында реконструкция және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде «ақылы» статусын кезең-кезеңімен енгізу жалғасып жатқанын атап өтті.

«Биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы учаскелер енгізілетін болады. Олардан келетін түсімдер көлемі биыл 60 млрд, ал келесі жылы 100 млрд теңгеге дейін жетеді. Осы ақылы жолдардан түскен қаражаттың бір бөлігін құрылыс жұмыстарына алынған қарыздардың пайыздық мөлшерлемелерін өтеуге жұмсау мәселесі қарастырылып жатыр», - деді Қарабаев.

Қазір Қазақстанда ұзындығы 3 мың 200 шақырым жол ақылы. Былтыр ақылы жолдардан 48 млрд теңге түскен.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.