Бектенов салық кодексі жобасын 20 ақпанға дейін нақтылауды тапсырды

1 359

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: пресс-службы АкордыПремьер-министр Олжас Бектенов салық кодексі жобасын 20 ақпанға дейін мәжілістің қарауына енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен үкімет отырысында салық реформасы мәселесі қаралды. Отырыста үкімет басшысы салық кодексі жобасын 20 ақпанға дейін мәжілістің қарауына енгізуді тапсырды. 

«Жалпы ұсыныстарды қолдаймыз. Осы аптада өңірлерге барып, халықтың барлық санатымен егжей-тегжейлі талқылау керек. Мен де Астанада және өңірлерге барып, талқылау өткіземін. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша салық кодексінің жобасы мен ілеспе заң жобасына түзетулерді 20-шы ақпанға дейін мәжіліске енгізу керек. Ары қарай мәжілісте талқылауды жалғастырамыз», - деді Олжас Бектенов. 

Бүгіннен бастап үкімет бастамаларын өңірлердегі бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен талқылайтын алты жұмыс тобы өз жұмысын бастайды. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.