Белгісіз порно Telegram арнасында оқушылардың фотосуреттері мен видеолары тараған

1 503

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comПетропавлда балалардың ұятсыз фотосуреттері мен бейнелері тараған порно Telegram арнасы пайда болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Telegram арнасының қанша уақыт бұрын пайда болғаны белгісіз. Бірақ ол өткен аптаның соңында танымалдылыққа ие болды. Арнаның жазылушысы 10 мыңға жуықтаған. Балалардың суреттері, есімдері, фамилиялары және ұятсыз сипаттағы жазбалары әр 10 минут сайын шығарылып, мыңдаған қаралымға жеткен. Балалардың порно таспаның кейіпкерлеріне қалай айналғаны түсініксіз.

Фото мен видеоға түскендерді мектеп оқушылары сыныптастары арқылы таныған. Даулы арнаның авторы кім екені белгісіз. 

"СҚО полиция департаменті мессенджерде Telegram-арнаның пайда болуына байланысты тексеру жүргізілгені туралы хабарлайды. Біз ата-аналар мен жұртшылықтың алаңдаушылығын түсінеміз және балалардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз", - деп жауап берді полицияның баспасөз қызметі. 



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.