6 жастағы балаға зорлық-зомбылық көрсеткен күдікті сотталды

1 388

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comАқтөбеде 61 жастағы ер адам сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін сотталды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылан ауданаралық сотында Ж.Қартпанбетовке қатысты іс қаралды. Оған Қылмыстық кодекстің 121 бабы 4 бөлігімен, яғни, сексуалдық сипаттағы зорлық-замбылық әрекеттері үшін айып тағылды. Іс жабық жағдайда қаралды. Өйткені жәбірленуші 6 жастағы қыз болды. Сотталушы жыныс мүшесін көрсеткен.

ҚР Қылмыстық кодекстің 121 бабы 4 бөлігімен айыпты деп танылсын. Қылмыстық кодекстің 50 бабы 2 бөлігіне сәйкес педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 91 бабы 1 бөлігі 4 тармағы, 98 бабы 2 бөлігі негізінде бас бостандығынан айыру жазасын өтеу орнында мәжбүрлі түрде психикалық мінез-құлық бұзушылықтардан емдеу тағайындалсын,- деді судья Нұрлан Бақтығалиев.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.