Патрульдік полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жамбыл облысында полиция қызметкері қызмет барысында жол-көлік оқиғасына ұшырап, қаза болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқыс оқиға 11 ақпан күні сағат 19:40-та «Алматы-Ташкент» автожолының 203-шақырымында болған.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, «Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің жүргізушісі қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, бекітілген аумақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік автокөлікпен соқтығысқан.
Қаз
Рус






