Қоқыс тарифі бірден екі есеге қымбаттады

1 368

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Әбілқасым ЕсентаевАстананың мәслихаты қоқыс шығару мен жинау үшін алынатын жаңа тарифті бекітті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазір бұл тарифтің бағасы – бір адамға 309 теңге. Мәслихат көп қабатты тұрғын үйде тұратын бір адамға 637 теңге, ал, жер үйде тұратын бір адам үшін 679 теңге алу туралы жаңа тарифті бекітті

Қалалық әкімдіктің қоршаған орта және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов мүмкіндігі шектеулі бала өсіріп отырған отбасылар мен көп балалы отбасылар үшін жеңілдіктер қалады дегенді мәлім етті.

«Осыған дейін айтылған ескертулер мен ұсыныстарды қаперге ала отырып, көп қабатты тұрғын үйлердегі бір адам үшін 637 теңге, ал, жер үйлерде тұратын бір адам үшін 679 теңге болатын тарифті бекітуді ұсынамыз», - деді ол.

Мәслихат жаңа тарифті бекітті.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.