Полиция қызметкерлері ер адамды азаптаған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаптауды қолданған екі полиция қызметкеріне қатысты айыптау үкімін шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокуроры тергеп-тексерді.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2023 жылы 29 наурызда кінәлі полиция қызметкерлерінің туысының пәтерінде, жеткізілген азаматқа қатысты оған бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындату мақсатында азаптаулар қолданылғаны дәлелденді.
Қаз
Рус






