Қытайда жарқанаттардан коронавирустың жаңа түрі табылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қытайда жарқанаттардан COVID-19-ға ұқсас жаңа коронавирус табылды. Вирус алғаш рет Гонконгтағы жапон жарқанаттарынан (тегіс мұрынды жарғанаттар тұқымдасы) шыққан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ғалымдардың айтуынша, HKU5-CoV-2 деп аталатын вирус адам жасушаларын ACE2 ақуыздары арқылы зақымдайды. Бұл вирус HKU5 коронавирусының жаңа тегі.
Зерттеу Гуанчжоу зертханасында Қытай ғылым академиясының Гуанчжоу филиалының, Ухань университеті және Вухан вирусология институты мамандарымен бірлесіп жүргізілді.
Қаз
Рус






