Ауғанстаннан кеткісі келгендер өзін қазақпын деп таныстырып жатыр – СІМ

350

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстанның Кабулдағы елшілігіне этникалық қазақтар өтініш білдіреді, бірақ олар бұған дәлел келтіре алмайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 
"Біз тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз және Ауғанстандағы қазақтармен тұрақты байланыстамыз. Кейінгі күндері Қазақстан елшілігіне өзін қазақпын деп таныстыратын түрлі азаматтар тобының жүгіну жағдайлары жиілеп кетті. Бірақ іс жүзінде олар ешқандай дәлел келтіре алмайды. Олардың кейбіреуі қазақ тілінде сөйлемейді және ата-бабаларының Ауғанстан аумағына қоныс аудару тарихы мен ру-тайпалық байланыстары туралы айта алмайды", - дейді Смадияров.
 
Ол арыздардың дұрыстығын елшілік жанындағы арнайы комиссия қарайтынын айтты. Ресми деректер бойынша, Ауғанстанда этникалық қазақтардың 15 отбасы - 200-ге жуық адам тұрады, алайда Смадияров елдің шалғай аудандарында ата-бабалары 19 ғасырда елге қоныс аударған этникалық қазақтар өмір сүре алатынын жоққа шығармайды.
 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.