Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады

559

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматыға Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушы мінген ұшақ сәтті қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

"2021 жылғы 18 тамызда, бүгін сағат 17.00-де ҚР ӘӘК С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды. Қазақстанға 25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері келді", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, осы бортпен қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғызстан Республикасының 14 азаматы эвакуацияланған. Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен Қазақстан Елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы Ауғанстаннан шығарылған.
 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.