“Жасыл аймақтың“ бұрынғы басшысы сотталды

5 022
Кадры из видео

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Түркістан облысының Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты "Жасыл аймақ" КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Түркістан қалалық соты облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы жанындағы "Жасыл аймақ" КММ бұрынғы басшысы И. Бегасиловқа, оның орынбасары А. Ерназаровқа, КММ заңгері М.Айнабековаға және кәсіпкер И.Муслимовқа қатысты үкім шығарды", - делінген хабарламада.

Олар техникалық ерекшелікке және қойылатын сапа талаптарына сәйкес келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы 14,9 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

"Бегасилов 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, Ерназаров, Айнабекова және Муслимов 2 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды.

Сонымен қатар, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.