Алма-Арасан шатқалында тас құлап, туристерді басып қала жаздады

1 497

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скриншотАлматының тауларында, Проходное шатқалындағы Алма-Арасан термалды бұлақтарында қатты жауған жаңбыр салдарынан тас құлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға кезінде сауықтыру кешенінің аумағында туристер болған. Олардың бірі тас құлаған кезде суға түсіп жатқанын, бірақ жүгіріп шығып үлгергенін айтты. Кешеннің бір бөлігі қатты зақымдалған.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2 мамыр сағат 16:10 шамасында Алма-Арасанның (Проходное шатқалы) радон көзінде тас құлағанын хабарлады. Соның салдарынан алаңдағы орындықтар мен киім ауыстыратын бөлменің бір бөлігі бүлінген.


"Іле-Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары аумақты зерттеу үшін оқиға орнын аралауды ұйымдастырды. Радон көзі орналасқан 31,8 гектар жер учаскесі Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман қоры жерлеріне жатпайтыны анықталды”, – деп түсіндірді комитет.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.