Ер адам әйелін жұмыс орнында ішкі ағзаларының бәрін пышақтап кеткен

1 314

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: сюжет кадрларынанКөкшетауда ер адам әйелінің жұмыс орнына келіп оны бірнеше рет пышақтап кеткен. Ауыр қалдегі әйелді дәрігерлер құтқарып қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға 30 жастағы әйелдің жұмыс орнында микрокредиттік ұйымның кеңсесінде болды. Күйеуі пышақпен келіп, оған қатыгездікпен шабуылдаған. Күдікті бірден ұсталды.  

Ал қансыраған науқас тіпті зембілге салуға келмеген. Көптеген жарақаттарын төрт сағаттан астам уақыт бойы тігілген. Жәбірленуші екі литрден астам қан жоғалтты. Пышақ жүрекке жетпегендіктен әйел тірі қалды. Дәрігерлер оның барлық ішкі ағзаларын тігуге мәжбүр болды.

Дәрігерлер әйелдің есін жиғанын жеткізді. Ол өте әлсіз, бірақ жағдайы тұрақты. Алда екінші операция күтеді. Жәбірленуші пышақ салғанда қорғануға тырысып қолдарын жарақаттаған. Енді қолдарына ота жасалады.

“Бәрі жақсы болса, тағы бір-екі күн жансақтау бөлімінде болады. Осыдан кейін ол хирургиялық бөлімге ауыстырылады. Не істеу керек болды бәрін жасадық. Жалғыз нәрсе, оның қолдың иілетін жеріне зақым келген. Бірақ операцияның ұзақтығын ескере отырып, бұл операцияны травматологтармен бірге екінші кезеңмен жүргізу туралы шешім қабылданды”, – деді Көкшетау қалалық ауруханасының хирургиялық бөлімшесі меңгерушісі Арман Қапанов. 




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.