Қостанай әкімі мұғалімдердің жағажайға кезекшілікке өз еркімен жазылғанын айтты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев жағажайларда қауіпсіздікті арттыру мақсатында мұғалімдерді де құтқарушылармен бірге кезекшілікке шығару туралы шешімін түсіндірді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Облыс орталығындағы жағажайларда қауіпсіздік ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді. Енді құтқарушылармен бірге бұл жерде мұғалімдер де кезекшілікке шығады. Қазірдің өзінде 121 педагог кезекшілікке жазылып қойған.
Мұғалімдерді демалыста оқушыларға рейд жүргізуге шақырған Қостанай әкімі сынға қалды
Читайте также

Қаз
Рус





