Қазақстан Дженнифер Лопестің концертіне қалай дайындалып жатыр

1 449

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: globallookpress.com/IMAGO/Jeffrey MayerДженнифер Лопес Алматыда өнер көрсетуге дайындалуда,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Америкалық жұлдыз 100 адамнан тұратын тобымен келмек. Осыған байланысты жергілікті қонақүйлер оның жайлылығы үшін арнайы дайындықты бастап кетті. Әншінің өтініші бойынша президенттік люкс бөлмеге джакузи орнатылады.

"Президенттік нөмірде джакузи болмаған, бірақ олар оны орнатуға келісім берді", – деді First Media Group компаниясының басшысы Әлфия Нұрғұмарова. 

Бұл компания Дженнифер Лопестің сапарын ұйымдастырумен айналысады.Дженнифер Лопеспен бірге келген бәрі сол қонақүйге орналасады, өйткені қонақүй әкімшілігі жұлдызды топты қала бойынша шашыратпау үшін жеңілдік жасап отыр.




 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.