Еңбек кітапшасы міндетті құжаттар қатарынан алынды

2 500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбек кітапшасы енді міндетті құжаттар тізімінен алынып тасталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, бүгінде еңбек қатынастары цифрлық форматта жүргізіледі. Ал еңбек өтілі Бірыңғай есеп жүйесінде тіркелген электронды еңбек шарттары мен зейнетақы жарналары арқылы есептеледі.

«Еңбек кітапшасы – ескірген құжат. Қазір оның қажеті жоқ. Қалаған адам естелік ретінде сақтап қала алады, бірақ заң бойынша ол талап етілмейді», деді Светлана Жақыпова.

Жаңа тәртіп бойынша жұмысқа орналасу үшін электронды еңбек шарты жеткілікті. Егер зейнетақы жарналары тұрақты аударылса, еңбек өтілі автоматты түрде есепке алынады.

Министрлік бұл өзгеріс еңбек қатынастарын жеңілдетіп, қағазбастылықты азайтуға және цифрлық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.