Балалар хлордан уланған: аквапарк директоры үйқамауға алынды

2 551

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Сурет: gge.ruАтырау қаласында «Palma» аквапаркының директоры үйқамаққа алынды. Бұл шешімді қалалық мамандандырылған тергеу соты қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға 13 шілде күні күндіз жабық бассейнде болған. Ресми мәлімет бойынша, барлығы 15 адам зардап шеккен, олардың 13-і – бала. Үш жасөспірім реанимацияға жеткізіліп, оларға «хлор буынан улану» диагнозы қойылды.

Кейін дәрігерлер барлық науқастың жағдайы тұрақтанғанын, барлығы үйіне жіберілгенін мәлімдеді.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында хлордың өткір иісі пайда болған. Су лайланып, балалар жөтеліп, тынысы тарылып, кейбірі тіпті есінен танып қалған. Ата-аналар балаларды шұғыл эвакуациялап, жедел жәрдем шақырған.

Болжам бойынша, оқиғаға хлор реагенттерінің дұрыс дозаланбауы себеп болуы мүмкін.

Аквапарк иесі техникалық ақаудың болғанын мойындады. Оның айтуынша, оқиға кезінде ғимаратта бірнеше рет жарық сөнген, бұл жағдай су тазарту жүйесінің істен шығуына әкелуі ықтимал.

Қазіргі таңда «Palma» аквапаркі уақытша жабылған. Оқиғаға байланысты прокуратура мен ТЖД тексеру жұмыстарын бастап кетті. Тергеу органдары істі әлі де зерттеуде.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.