Аудан әкімі білім беру нысандарындағы жөндеу жұмыстарымен танысты

21

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қармақшы әкімдігіБүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапарымен Жосалы кентіндегі бірқатар білім беру мекемелерін аралады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алдымен аудан әкімі №1 «Аққайың» санаториялық бөбекжай-бақшасындағы атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарын назарға алып, мекеменің материалдық-техникалық базасын жақсарту бағытындағы жұмыстардың барысын пысықтады.

Сонымен қатар, №121 және №27 орта мектептерінің ауласында қазіргі таңда балаларға арналған ойын алаңын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі аталған алаңның қауіпсіздігіне мән беріп, сапалы құрылыс материалдарын қолдануды және жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сапар соңында Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей ауласындағы тас төсеуіштер төсеу жұмыстарының жүргізілу барысын қадағалап, жасалынып жатқан жұмыс сапасына байланысты тапсырмалар берді.

Аудан басшысы барлық нысандарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударылуы тиіс екенін айтып, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.