Үкімет 3 миллионнан астам азаматты жұмыспен қамтуды көздейді

2 227

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: © Sputnik / Санат ИмангалиевЖыл басынан бері 250 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

Үкімет алдағы төрт жылда 3,3 млн адамды жұмысқа орналастыруға мүдделі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметовтың айтуынша, жыл басынан бері 250 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Соның ішінде 38 проценті немесе 95,4 мың адам – жастар. Халықты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берген жобалар:

  • ұлттық жобалар, тұжырымдамалар және даму жоспарларымен – 4,6 мың адам;
  • бос жұмыс орындарына – 66,6 мың адам;
  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен – 116 мың адам;
  • "10 000 халыққа 100 жұмыс орны" бастамасы шеңберінде 62,9 мың адам.
"Біздің алдымызда 2029 жылға дейін 3,3 миллион азаматты жұмысқа орналастыру міндеті тұр", - деді Биахметов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Ал жұмыс орындары еңбек нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында құрылып жатыр. Оған сәйкес, 2030 жылға дейін 3,8 млн сапалы жұмыс орны ашылады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.