“Мұз айдыны” орталығы – салауатты өмірге бастар бір қадам

2 155

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: freepik.comҚызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешені 2013 жылдан бері спорттың түрлі бағыты бойынша спорт сүйер қауымға сапалы қызмет көрсетуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Орталықта мұз алаңы, ойын залы, грек-рим күресі, көркем гимнастика, жаттықтырушы-оқытушылар бөлмесі, сонымен бірге спорттық билерге арналған хореографиялық сынып бар.

Сонымен қатар, аталмыш спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі балалардың мұз алаңында еркін сырғанауына да мүмкіндік қарастырылған. Бүгінде бұл орталыққа келушілер саны күн сайын артып келеді.

Осы ретте аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, «Мұз айдыны» спорт кешені демеушілер есебінен күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылды. Атап айтсақ, орталықтың қосалқы кіреберіс аумағы кеңейтіліп, орталықтың шатыр бөлігі толықтай ауыстырылды. Сонымен қатар, қалаға ерекше көрік беру мақсатында орталықтың қасбетіне лэд экран орнатылып, заманауи жарықшамдар қойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.