Халыққа қызмет көрсету қызметкерлері жүргізуші куәлігін заңсыз сатқан

2 331

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ПолицияҚала прокуратурасының үйлестіруімен Шымкент қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті жүргізуші куәліктерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

2023–2024 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның №2 мамандандырылған ХҚКО басшылығы мен қызметкерлері теориялық және практикалық емтихандарсыз жүргізуші куәліктерін рәсімдеуге жағдай жасаған.

Мұндай «қызметтің» құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен.

Нәтижесінде кемінде 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған. Қылмыстық топтың табысы 150 миллион теңгеден асқан.

Тергеу барысында күдіктілердің 200 миллион теңгеден астам мүлкіне тыйым салынды.

Іс бойынша 15 тұлға айыпталушы деп танылған. Тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.