Қызылорда облысында ресми құжаттар салтанатты рәсіммен табысталды

2 205

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысының баспасөз қызметіЖыл басынан бері Қызылорда облысының тұрғындарына 3,5 мыңнан астам ресми құжаттар салтанатты рәсіммен табысталды. Осындай рәсімдердің бірінде екі буын өкілдері кездесті: жас жұбайлар Абзал мен Тансулу Еріковтер және отасқандарына 50 жыл толған Тарзан мен Балиға Шашақовтар, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жуырда өткен салтанатта екі буынның әсерлі кездесуі орын алды: жас жұбайлар Абзал мен Тансулу Еріковтер махаббат пен адалдыққа ант беріп жатқан сәтте, Тарзан мен Балиға Шашақовтар алтын тойларын атап өтті. Шашақовтар әулеті – мықты отбасының жарқын үлгісі: олар үш баланы тәрбиелеп өсіріп, тоғыз немере мен екі шөбере сүйіп отыр.

Буындар сабақтастығын көрсеткен бұл әсерлі кездесу шараның шын мәнінде көркіне айналып, қонақтар мен қатысушылардың жүрегіне жылы әсер қалдырды. Мұндай сәттер отбасы құндылықтарының маңызын және ұрпақтар арасындағы байланыстарды айқын көрсетеді.

Бұл тәжірибе зейнеткерлер мен жас отбасылар тарапынан үлкен қолдау тапты. Олар маңызды құжаттарды осындай салтанатты жағдайда алу мүмкіндігіне ризашылық білдіруде.

2025 жылдың алғашқы алты айында облыста 1714 неке тіркелді — бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14% азайғае. Некелердің шамамен 60% облыс орталығында тіркелген, бұл қала тұрғындарының отбасын құру белсенділігінің жоғары екенін көрсетеді.

Сондай-ақ, ажырасулар саны 2% төмендеген. Бұл көрсеткіш отбасы институтын және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған шаралардың оң әсерін байқатады.

АХАТ өкілдерінің айтуынша, болашақта осындай салтанатты шаралардың ауқымын кеңейту және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру жоспарлануда. Бұл бастама мемлекеттік қызметтердің халыққа жақындауының және әлеуметтік-мәдени байланыстарды нығайтудың жарқын мысалына айналды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.