Қызылорда: Екіжақты меморандумға қол қойылды

470

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысында өткен Тамыз кеңесі аясында облыстық білім басқармасы басшысы Ақзира Бақтыбайқызы мен «Talap» КЕ АҚ вице-президенті Санжар Мейірханұлы ынтымақтастық туралы ортақ меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – аймақтың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру.
Бүгінде адамның білімі мен кәсіби біліктілігі экономика дамуының басты тетігіне айналып, заман талабына сай техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби білікті мамандардың қажеттілігін туғызуда.


Осы орайда, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде қазіргі таңда түбегейлі реформалар енгізілуде. Сондай-ақ, Елбасының тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы тиімді жүзеге асуда. Қазіргі таңда облыстағы кәсіптік-техникалық оқу орындары индустриалдық-инновациялық сала үшін кадрлар даярлауды қолға алды.
Аталған жұмыстарды тиімді ұйымдастыру үшін қол қойылған екіжақты меморандум аясында алдағы уақытта бірлескен жұмыстар бастау алады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.