Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекке Конституцияның 30 жылдығына арналған мерекелік медаль табысталды

2 285

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қармақшы аудан әкімдігіБүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекке Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен берілген «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалін табыс етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл марапат аудан әкіміне еліміздің Ата Заңының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлесі мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы еңбегі үшін беріліп отыр.

Жандос Еркінбек басшылық еткен кезеңде ауданда ірі жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңғырды, әлеуметтік нысандардың ауқымы кеңейді, халықтың өмір сүру сапасы жақсару бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Табысталған төсбелгі – абыройлы қызметтің, халықпен етене еңбектің және ауданның өркендеуіне қосылған нақты үлестің айғағы.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.