Алаңда ойнап жүрген 9 жастағы баланы ер адам аямай ұрып кеткен

1 467

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скринӘлеуметтік желілерде Атыраудағы балалар ойын алаңында ер адамның 9 жастағы балаға еш себепсіз шабуыл жасап, соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқыс жағдай Атырау қаласындағы аулалардың бірінде тіркелген. Онда 9 жастағы жасөспірімге 21 жастағы тұрғын ұрып-соғу арқылы зорлық-зомбылық жасаған. Бұл сәт видеоға жазылған, себебі ойын алаңы толық камераның бақылауында.

Қазір полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғаған.

– Жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды, – делінген Полиция департаментінің ресми хабарламасында. 

Полиция бірден жақын маңдағы бақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден жауап алуға кіріскен. Соққыға жығылған балаға психолог көмегі көрсетіліп жатыр. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.