БҚО-да қыз алып қашқан көлік иесі үш жылқыны қағып кетті

459

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Батыс Қазақстан облысында қыз алып қашқан көлік иесі үш жылқыны қағып кетті. Салдарынан бес адам зардап шекті деп хабарлайды Азаттық рухы.  

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, 30 тамыз түнгі сағат 22:30-да Бөрілі-Ақсай-Жымпиты автожолының 27 шақырымында - Пугачев елді мекенінің маңында жол апаты болған.

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.

Ведомство 21 жастағы LADA Priora жүргізушісі жол бойындағы үш жылқыны қағып кеткенін жеткізді.

 Зардап шеккендердің сөзінше, олар Орал қаласынан қыз алып қашып, Ақсай қаласына қарай бет алған. Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті. Олардың төртеуі жансақтау бөлімінде, бірі хирургиялық көмек алуда.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.