Қазақтарды «қорлады» деп айыпталған Алика Мұхамадиеваның ісі бойынша сот басталды

1 468

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Stan.kzҚарағандыда "Қазақстан несімен танымал?" деген сауалға Threads әлеуметтік желісінде "Мамбетами" деп жауап беріп, қоғамның наразылығына ұшыраған Алика Мұхамадиеваға қатысты сот процесі басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Сот ашық форматта өтуде, алайда айыпталушы мен қорғаушысы оның бейнесін фото және видеоға түсірмеуді сұрап, судья өтінішті қанағаттандырды.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, қоғамнан және әсіресе мұсылман қауымынан кешірім сұрады. Ол бұл әрекетін эмоциялық дағдарыс кезінде жасағанын айтып, тергеу изоляторында 86 күн отырғанын жеткізді.

Қорғаушыларының сөзінше, Мұхамадиеваның екі жасар баласы бар. Осыған байланысты олар соттан жаза түрін жеңілдетуді сұрап отыр. Дегенмен, жеңілдетілген жағдайда да айыпталушы 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Соңғы шешімді сот шығарады.

Қазір тараптар айыппұл төлеу арқылы жазаны ауыстыру нұсқасын қарастырып жатыр. Алайда бұл жағдайда төленетін сома аз емес — 12 миллион теңге.

Келесі сот отырысы 18 қазанда өтеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.