Жапон ханшайымы қарапайым халық арасынан шыққан жігітпен бас қоспақшы

510

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Жапон императоры Нарухитоның жиені, Мако ханшайым мен оның жігіті Кей Комуро жылдың соңына дейін үйленеді. Ерлі-зайыптылар АҚШ-та тұратын болады деп хабарлайды Kyodo News.  

Мако ханшайым тұрмысқа шығып, мәртебесінен айырылады, ал олардың үйлену тойы салт жорасы рәсімдерінсіз өтеді, бұл патша әулеті үшін өте сирек кездесетін жағдай. Мако соғыстан кейінгі Жапонияда бұл рәсімдерді өткізіп жіберген империялық отбасының алғашқы әйел мүшесі болуы мүмкін.

Салт жорасы – бұл "Носай но Ги" деп аталатын ресми үйлену рәсімі, оның барысында құда түскендердің отбасы сыйлықтармен алмасады және үйлену алдында император мен императрицамен ресми кездесуге арналған "Чокен но Ги" рәсімі.

 Қолданыстағы ережелерге сәйкес, императорлық отбасының әйел мүшелері қарапайым адамға тұрмысқа шығып, патша мәртебесінен айырылады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.