Қатты жылдамдықпен келген көлік бір үйдің қабырғасының тас-талқанын шығарды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік тұрғын үйдің қабырғасын бұзып өтті. Оқиға салдарынан үйдің алдындағы тағы бір көлік зақымданды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жол апатының сәті әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада анық көрінеді: қатты жүйіткіп келе жатқан Volkswagen маркалы автокөлік кенеттен басқаруын жоғалтып, көше бойындағы үйге соғылады.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 12 қараша күні болған.
Қазір оқиға бойынша әкімшілік іс қозғалып, тиісті материалдар жиналып жатыр.
Читайте также

Қаз
Рус





