Ауданның экс әкімі 15 тәулікке қамалды

1 624

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Іnstagram.com/eltizarov_onlineМаңғыстау облысының Түпқараған және Мұнайлы аудандарының бұрынғы әкімі Рахат Елтізаров мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 4 қарашада Рахат Елтізаровты мас күйінде көлік жүргізгені үшін ӘҚБтК-тің 608-бабының 1-тармағы бойынша жауапкершілікке тартты.

Экс-шенеунік 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

“26 қазан күні сағат 21:50-де Ақтау қаласының 2-шағын ауданындағы "7 пятниц" барының маңында Рахат Елтізаров Chery Tiggo 4Pro автокөлігін мас күйінде жүргізгені үшін тоқтатылған. Медициналық тексеріс оның қанында 0,22 промилле алкоголь бар екенін анықтады”, – делінген іс материалында.

Рахат Елтізаровтың қорғаушылары алғашқы сот инстанциясының шешіміне шағымданды. Алайда 6 қарашада Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі алқасы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.