Полицейлер өздеріне оқ атқан ер адамды атып өлтірді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Түркістан облысында полиция қызметкерлері өздеріне қарсы оқ жаудырған ер адамды атып өлтірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиға Мақтаарал ауданында болған. Әйел полицейлерге бұрынғы жұбайының балалар бар үйге қарумен келгенін хабарлаған. Әйелдің өтінішінен кейін құқық қорғаушылар көмекке келген.
Полицейлер алдымен бірнеше ескерту оқтарын атқан. Алайда ер адам қарсы оқ атуын тоқтатпаған. Кейін полицейлер оны атып қана атысты тоқтатты.
Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Қаз
Рус






