Toyota айдаған 17 жасар бала полиция көлігіне соғылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Маңғыстау облысы Бейнеуде жасөспірім басқарған көлік полиция көлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жол апаты бейнекамераға түсіп қалған. Оқиға 25 қарашада болған. Toyota көлігі өте жоғары жылдамдықпен келіп, полицияның қызметтік көлігіне соғылған.
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Жасөспірімнің ата-анасы өз міндеттерін тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Қаз
Рус






