Судьялар мен полицей қызметкерлері енді мұғалім бола алады

1 562

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comҚұқық қорғау және сот органдарында еңбек еткен азаматтарға мектепте мұғалім болуға мүмкіндік берілуі мүмкін. Оқу-ағарту министрлігі педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына өзгерістер енгізуді ұсынды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Ашық НҚА" порталында жарияланған жобаға сәйкес, педагогикалық қайта даярлаудан өткен бұрынғы полицейлер, судьялар және басқа да мамандық иелері білім беру ұйымдарына "Құқық негіздері" пәнінің мұғалімі және педагог-кәсіби бағдар беруші ретінде жұмысқа тұра алады.

Құжатта бұл өзгерістер аталған салаларда тәжірибесі бар мамандарды білім беру жүйесіне тарту мақсатында әзірленгені көрсетілген. Жоба 2025 жылдың 10 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.