ІІМ академиясының курсанты 17 жастағы қызды соққыға жықты

1 539

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:depositphotos.comАлматыда ІІМ академиясының курсанты кәмелетке толмаған қызды ұрып-соқты,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Желідегі ақпаратқа сәйкес, курсант бұрынғы сүйіктісін кездесуге шақырып, көлік ішінде агрессия танытқан. Ол қыздың телефонын сұрап, бермеген соң қылқындырып, шашынан тартып, жерге құлатып, тепкілеген. Жәбірленуші қашуға талпынғанымен, жігіт оны қайта ұстап, көлікке күштеп отырғызған. Қызға «ми шайқалуы» және жұмсақ тіндердің жарақаты диагнозы қойылған.

Алматы Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілгенін мәлімдеді.

«Қыздың өзінен және оқиғаға қатысқан басқа азаматтардан түсініктеме алынды. Жәбірленуші ата-анасымен бірге арызданудан және сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартты. Көрінетін дене жарақаттары анықталған жоқ. Осы себептерге және қадағалаушы органның келісіміне сәйкес қылмыстық іс тоқтатылды», — деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, ІІМ Алматы академиясының тәртіптік комиссиясы аталған оқиғаға қатысы бар курсанты оқу орнынан шығарғанын растады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.