Жаяу жүргіншілер жолағында 6 жасар қызды көлік қағып кетті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақтөбе қаласындағы Бейбітшілік даңғылында Hyundai маркалы автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан қызды қағып кетті,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің мәліметінше, қыз әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның аяқ-қолында сіңір созылуы мен сызаттар барын анықтап, амбулаториялық ем тағайындаған.
Қазіргі уақытта полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.
Қаз
Рус






