«Тойды тыймаса – даму жоқ»: Сәуле Әбілдаханқызы несиеге той жасайтындарды сынады

1 544

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото - Caravan.kzЖурналист Сәуле Әбілдаханқызы тойға 100 адамнан артық адам шақырмауға кеңес берді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

”Бұ қазаққа 100 адамнан артыққа той жасауға заң жүзінде тыйым салмай, даму жоқ. Надандық қорасына осы кіргені кірген. Несие балшығына осы батқаны батқан. Дарақылық боғына осы сүңгігені сүңгіген”, — деп жазды журналист.

Бұған дейін журналист түнгі 12-де туған күнмен құттықтауға тыйым салуды ұсынған еді.

”Қысқасы, түнгі 12-де туған күн деп дүрлігуді қойыңдар, қазақтар. Балаларыңа соны айтып түсіндіріңдер. Бұл мәселені ата-ана да, мектеп те, колледж де, ЖОО да балалардың миына жеткізіп, санасына сіңіріп тұрып айтып, түсіндіріп, керек болса, ұрсып, тоқтату керек”, — деп жазған еді журналист Сәуле Әбілдаханқызы.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.