«Бала сөйлемей қалған»: Тәрбиеші 3 жасар баланы ұрып-соққан
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Астана қаласындағы "Алтоша" балабақшасында тәрбиеші үш жасар баланы ұрып-соққан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда тәрбиешінің баланы ұрған әртүрлі сәттері түсірілген.
Анасы баласының денесінен көгерген іздерді байқап, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарауды талап етеді.
Бейнежазбада балабақша қызметкері баланы қатты жұлқылап, басын қабырғаға соққаны тіркелген. Полиция шақырылғаннан кейін тәрбиеші өзіне зиян келтіремін деп қорқытқан.
Анасының айтуынша, оқиғадан кейін тілі енді шыға бастаған бала сөйлеуден қалған.
Қаз
Рус






