Шымкентте 24 жастағы келіншек үшем босанды
402
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Еліміздің үшінші мегаполисінде тағы да үшем дүниеге келді. Бұл туралы ERNUR.KZ сайты хабарлады.Порталдың мәліметінше, қалалық перинаталдық орталығында өмірге келген үшемнің салмақтары екі келіден жоғары.
24 жастағы үшемнің анасы Ақмарал Шымкентбаеваға дәрігерлер 19-тамыз күні кесір тілігін жасап, босандырып алған. Дүниеге келген үшем жансақтау бөліміне жатқызылған.
Одан кейін қарқынды терапия бөлімінде ем алған. Осылайша, жаңа туған нәрестелердің жағдайы тұрақталып, жалпы бөлімге ауыстырылған.
Сәбилерге Ахметжан, Ақжан және Мұхаметжан есімдері берілген. Қазіргі уақытта анасы мен балаларының жағдайы жақсы, ауруханадан шығарылған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте он жылдан бері бала сүйе алмаған әйел бірден үшем босанғанын жазған едік.
Қаз
Рус






