Жүк көлігімен жасөспірімді қағып өлтірген жүргізушіге үкім шықты

1 534

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.com2025 жылғы 22 шілдеде Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кентінде тіркемесі бар жүк көлігі велосипедпен келе жатқан, кәмелетке толмаған жасөспірімді қаққан. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының кәмелетке толмаған балаларының болуын және шын жүректен өкінуін таныды.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ.

Сот сотталушының жеке басын, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, іс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып, оған  2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын, сондай-ақ 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Жаза қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне өтеледі.

Сот жәбірленушілердің моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талаптарын ішінара қанағаттандырды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.