"Берешек 36 млн теңгеден асады":Мұғалімдер бірнеше ай бойы жалақы алмай отыр

1 544

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скринCosmo International School жеке мектебінің мұғалімдері қазан айынан бері жалақы алмай отыр. 30 штаттық және 10 келісімшарттағы қызметкерге қарыз 36 млн теңгеден асады. Сонымен қатар зейнетақы және МӘМС аударымдары да төленбеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мұғалімдер білім басқармасына, прокуратураға, партияларға және өзге де органдарға жүгінгенімен, мәселе шешілмеген. Кейбір қызметкерлер жұмыстан кетуге мәжбүр болған. Мектепте жалған көрсетілген оқушылар, қарызға батқан асхана мен ғимараттарды жалға алу мәселелері де бар екені айтылды.

Мұғалімдер директорды қорғағаны үшін мектеп негізін қалаушы Космас Омедже тарапынан басшылық қызметкерлердің жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді. Басылым негізін қалаушылардан пікір ала алмаған.

Мұғалімдерге жалақы 31 желтоқсанда төленеді деп уәде берілгенімен, олар ақшаны тек сот арқылы алуымыз мүмкін деп қауіптенеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.