Шетел азаматы оқушының қалтасынан телефонын ұрлап алған

1 535

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотАстана қаласында полицейлер мектеп оқушысынан телефон ұрлаған қалта ұрысын ұстады. Анықталғандай, оқиға мектеп оқушысы сабақтан кейін үйіне қайтып келе жатқан кезде болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Автобусқа міну барысында ол адамдар көп жиналған ортада қалып, жанында бір ер адам тұрған. Сәтті пайдаланған күдікті өзін де көлікке мінгелі жатқандай көрсетіп, қыз баланың күртесінің қалтасынан Vivo маркалы ұялы телефонын білдіртпей алып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Телефонның жоғалғанын қыз автобустан түсер кезде ғана байқаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотты болған 29 жастағы шетел азаматын анықтап, ұстады.

Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.