Үйінің жертөлесінен алтындар мен миллиардтаған ақша табылған: Экс әкім өлім жазасына кесілді

1 537

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Коллаж  Stan.kzҚытайда Гуанчжоу қаласының бұрынғы әкімі Чжан Циге өлім жазасы тағайындалды. Ол жемқорлық, қаржыны жымқыру және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бойынша кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Тергеу деректеріне сәйкес, Гуанчжоудың экс-әкімі Чжан Ци мемлекеттік келісімшарттар жасау және жер телімдеріне қатысты мәмілелер үшін бірнеше жыл бойы пара алып келген. Іс шамамен алты жыл бойы тергелген.

2019 жылы жүргізілген тінту барысында құқық қорғау органдары оның үйінің жертөлесінен 13,5 тонна алтын құймаларын және шамамен 286 млрд юань (19,4 триллон теңгеге жуық) көлеміндегі қолма-қол ақшаны тапқан. Сонымен қатар Чжан Цидің Қытайдан тыс жерлерді қоса алғанда, элиталық жылжымайтын мүлкі, сондай-ақ қымбат автокөліктер коллекциясы болғаны анықталды.

Сот заңсыз жолмен байыған қаражаттың көлемі аса ірі болғандықтан, жазаны жеңілдету мүмкін емес деген қорытындыға келді. Нәтижесінде бұрынғы шенеунік өлім жазасына кесілді.

Қытай билігі жемқорлыққа қарсы істерде қатаң ұстанымда екенін үнемі атап өтеді. Бұған дейін ҚХР-дың бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Тан Жэньцзянь де үкімнің орындалуын екі жылға шегеру арқылы өлім жазасына кесілген еді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.