ЛГБТ-белсендісі Амир Шайкежанов әріптесін зорлап, ВИЧ жұқтырған

1 529

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/amir_shantiАлматыда ЛГБТ-белсендісі Амир Шайкежановқа қатысты сот процесі басталды. Ол қызметкерін зорлап, оны АИТВ жұқтыру қаупіне әдейі ұшыратты деген айыппен сот алдында жауап беріп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жәбірленуші ресми құжаттарда әйел ретінде тіркелгенімен, өзін Елисей деп таныстырып, ер адам ретінде көрсетеді. Оқиғадан кейін полиция түнгі бар иесін қамауға алған.

Амир Шайкежановтың адвокаты Жанара Балғабаеваның айтуынша, іс жабық форматта қаралуы тиіс, алайда қорғау тарапы бақылаушылардың қатысуын сұраған.

Елисейдің сөзінше, оқиға кезінде екеуі алкоголь мен құрамында ТТК бар вейп қолданған. Ол өзін жайсыз сезініп, ұйықтап қалған соң, Амир ұйықтап жатқан кезінде зорлады деп мәлімдейді. Дәлел ретінде қысқартылған бейнежазба ұсынылған.

Айыпталушы бұл жайтты толық жоққа шығармай, қарым-қатынас өзара келісіммен болғанын алға тартты. Ол ашық гей екенін және АИТВ мәртебесі барын жасырмағанын айтқан. Қамауға алынар алдында Амир жәбірленушіден кешірім сұрап, психолог көмегін төлеуді ұсынған.

Ал желтоқсанда ол кінәсіз екенін мәлімдеп, қылмыс құрамының жоқтығын дәлелдейтін материалдар бар екенін айтқан.

Іс Медеу аудандық №2 сотында қаралып жатыр. Амир Шайкежановқа Қылмыстық кодекстің «зорлау» және «басқа адамды АИТВ жұқтыру қаупіне әдейі ұшырату» баптары бойынша айып тағылған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.