48 мыңнан астам азаматқа психологиялық көмек көрсетілген

1 514

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: IStock2025 жылдың қорытындысы бойынша, орталық мамандары 48 019 жеке психологиялық кеңес өткізді. Оның ішінде 23 885 кәмелетке толмаған балаға, 14 898 ата-анаға, 9 236 педагогке кеңес берген, – деп хабарлайды Оpennews.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл көрсеткіштер психологиялық саулық және дағдарыс жағдайларының алдын алу мәселелеріне қоғамның ерекше көңіл бөліп отырғанын көрсетеді. Жыл бойы еліміздің барлық өңірінде 40 мыңнан астам профилактикалық және ағартушылық іс-шара ұйымдастырылды. Олар балалар мен жасөспірімдердің қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және психологиялық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған.

Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында оқушылар мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін 9 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Бұдан бөлек, күн сайын азаматтардың өтініштерін қабылдайтын «111» бірыңғай байланыс орталығы арқылы көмек алуға болады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.