Автобус жүргізушісі кенеттен көз жұмған

1 508

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скриншотАлматыда жолда келе жатқан автобус жүргізушісі кенеттен көз жұмған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында, №92 автобус бағдаршамның қызыл шамына тоқтап тұрған кезде болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адамда жедел миокард инфаркті болған. Жолаушылардың бірі жүргізушінің жағдайы күрт нашарлағанын байқап, жедел түрде кабинаға кіріп, тежегішті басып үлгерген. Жолаушылар дереу жедел жәрдем шақырғанымен, оқиға орнына келген медицина қызметкерлері 53 жастағы жүргізушінің қайтыс болғанын ғана тіркеген.


“Алматыэлектротранс” компаниясының мәліметінше, бұл жүргізушінің 2/2 кестесі бойынша демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні болған. Таңертең ол міндетті рейс алдындағы медициналық тексеруден өткен, автобус та техникалық тексерістен өткізілген. Жүргізуші компанияда 2023 жылдың тамыз айынан бері жұмыс істеген және диспансерлік есепте тұрмаған.

Абырой болғанда, жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.