Әскердегі тағы бір өлім

1 523

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Gov.kzЖамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қаза тапқан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, мерзімді әскери қызметкер снайперлік мылтықпен өзін-өзі атып өлтірген.

Сарбаздың қаза тапқанын бас прокуратура растаған.

“27- ші қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ажалды жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметкердің қайтыс болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас Прокурордың жеке бақылауында”, – делінген хабарламада. 

Оқиғаның мән-жайын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында қорғаныс министрінің орынбасары, бас әскери прокурор және ішкі істер министрлігі әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына аттанған.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.