Қазақстанда әншілерге алып қашу туралы ән айтуға тыйым салынбақ

1 518

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: canva.comМәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов қазақстандық әртістердің қалыңдық ұрлауды насихаттайтын әндеріне билік тарапынан шектеу қойылуы мүмкін екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

"Біз бұған міндетті түрде назар аударамыз", – деді вице-министр Евгений Кочетов.

Оның айтуынша, қалыңдық ұрлауды насихаттайтын әндерді орындайтын қазақстандық әртістерге шығармашылық мазмұнын өзгерту немесе мұндай әндерден бас тарту жөнінде ұсыныс жасалуы мүмкін.

Сондай-ақ Евгений Кочетов соңғы уақытта кейбір өңірлерде қыз алып қашуға қатысты оқиғалар қоғамда үлкен резонанс тудырғанын атап өткен.

“Біз жекелеген өңірлерде қыз алып қашуға қатысты соңғы оқиғалардың қоғамда қандай резонанс тудырғанын жақсы түсінеміз әрі көріп отырмыз. Біз сіздердің қолдауларыңызға үміт артамыз. Қоғамның өзі әртістерді басқа тақырыптар туралы ән айтуға ынталандырады деп сенеміз”, – деп түйіндеді мәдениет және ақпарат вице-министрі.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.