Алимент төлеуден қашқан ер адам сот орындаушысының бетін тілген
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қостанай облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген ер азамат сот орындаушысына шабуыл жасаған,- деп хабарлады Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Ж.Хамзина есімді жеке сот орындаушысы алимент өндіріп, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін келгенде борышкер сол жақ бетін тіліп жіберген.
Олар борышкердің қатаң жауапкершілікке тартып, әділ және ашық тергеу жүргізуді талап етіп отыр.
Палата өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік сот орындаушылары қызметін орындау кезінде денсаулығына зиян келсе, әлеуметтік қолдау шарасы бар. Алайда, мұндай жүйе жеке сот орындаушылары үшін мүлдем қарастырылмаған.
Қаз
Рус






