Әйел екі баласын 5-ші қабат терезесінен лақтырып жіберген
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жамбыл облысында әйел екі баласын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Қайғылы жағдай Төле би даңғылы бойындағы жатақханалардың бірінде болған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, 36 жастағы әйел 2021 жылы туған қызын және 2023 жылы туған ұлын терезеден лақтырып жіберген.
Екі бала да тірі қалған және жедел түрде Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген.
Қазіргі уақытта балалар жансақтау бөлімінде жатыр.
Қаз
Рус






