Алаяқтар пошта атын жамылып, 125 млн теңге жымқырған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары 21 адамды алдап кеткен алаяқтар тобын ұстады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Тергеп-тексеру барысында 2024–2025 жылдар аралығында шетел мемлекетінің азаматы Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етіп, интернет және телефон арқылы жасалған алаяқтық жолымен 21 жәбірленушіге жалпы сомасы 125 млн теңгеден астам материалдық залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және басқарғаны анықталған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 20 млн теңге қайтарылған. Күдіктілердің 3 автокөлік құралына тыйым салынған. Қалған залал сомасы сот тәртібімен мәжбүрлеп өндірілетін болады.
20 күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. 2 күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру аяқталды.
Қаз
Рус






